
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-3) ресми таразыланудан және көз арбасу дуэлінен еш қиындықсыз өтіп, перулық Хосе Очоаға (8-1) қарсы айқасқа дайын екенін көрсетті. Жекпе-жек UFC on ABC 9 турнирі аясында Абу-Дабиде (БАӘ) өтеді.
Таразылану кезінде Асу Алмабаевтың салмағы 57,15 кг (126 фунт) болды. Бұл ең жеңіл салмақ дәрежесінің (57 кг) рұқсат етілген шегіне толық сәйкес келеді. Видеода таразылану мен көзқарас дуэлін тамашалауға болады.
Асу Алмабаев үшін бұл кездесу — соңғы айқаста анголалық файтер Манель Капеден техникалық нокаутпен жеңілгеннен кейінгі оңтайлы реванш мүмкіндігі.
Айта кетейік, бастапқыда Алмабаевқа қарсыласы ретінде өзбек спортшысы Рамазан Темиров белгіленген болатын. Алайда ол допинг-тесттен оң нәтиже көрсеткендіктен турнирден шеттетілді.