Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жек алдында Чарльз Джонсонмен көз арбасты (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев Бакуде өтетін UFC Fight Night 280 турнирі қарсаңында америкалық Чарльз Джонсонмен алғаш рет бетпе-бет келді.

Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жек алдында Чарльз Джонсонмен көз арбасты (ВИДЕО)
clutchpoints.com

Алмабаев пен Джонсонның кездесуі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев пен АҚШ өкілі Чарльз Джонсон UFC Fight Night 280 турнирі алдындағы дәстүрлі көз арбасу рәсімінде кездесті.

Бұған дейін Асу Алмабаев пен Чарльз Джонсон аса жеңіл салмақтағы титулдық емес жекпе-жек үшін белгіленген лимитке сәтті енген еді.

Қазақстандық файтер таразыда 126 фунт көрсетті. Бұл шамамен 57,15 келіге тең. Ал оның қарсыласы Чарльз Джонсонның салмағы 125,5 фунт болды, яғни шамамен 56,93 келі.

Осылайша екі файтер де жекпе-жекке ресми түрде жіберілді.

UFC Fight Night 280 қашан өтеді?

UFC Fight Night 280 турнирі 27 маусымда Әзербайжан астанасы Бакуде Ұлттық гимнастика аренасында ұйымдастырылады.

Аталған кештің басты оқиғасында жеңіл салмақтағы әзербайжандық файтер Рафаэль Физиев пен мексикалық Мануэль Торрес кездеседі.