Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Абат Айымбетовке қатысты тың ақпарат шықты

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Абат Айымбетов "Ақтөбеден" кетуі ықтимал.

Абат Айымбетовке қатысты тың ақпарат шықты
Instagram/@fcaktobe_official

Нәтижелі әрекетімен көзге түспеді

Match KZ арнасының мәліметінше, ақтөбелік клуб өз түлегімен қоштасу нұсқасын қарастырып жатыр. Шабуылшы биыл "Ақтөбе" сапында тұрақты ойын тәжірибесіне ие бола алмады. Маусым бойы сегіз матчта алаңға шыққанымен, оның жалпы ойын уақыты 89 минутпен шектелген. Осы кездесулерде гол соғып немесе нәтижелі пас беріп үлгермеді.

Айымбетов бұған дейін Ресейдің "Крылья Советов", Түркияның "Адана Демирспор" және Румынияның "Петролул" клубтарында өнер көрсеткен.

"Ақтөбеге" чемпиондық әкелген

Абат Айымбетов – "Ақтөбе" футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын туған клубында бастаған ол негізгі құрамдағы алғашқы матчын 2012 жылдың күзінде "Атырауға" қарсы өткізді.

Шабуылшы 2013 жылы ақтөбеліктерге ел чемпионы атағын әперген "алтын голдың" авторы атанды. Бұл – клубтың әзірге Қазақстан чемпионатындағы соңғы жеңісі. Айымбетов кейін "Қайрат" пен "Астана" құрамында да ел біріншілігінің алтын медалін иеленді.

Абат Қазақстан құрамасы сапында бірқатар маңызды кездесуде гол соғып, ұлттық команда тарихындағы ең нәтижелі төрт футболшының қатарына енген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қайрат 2-орын