"Қайрат" – "Мьёльбю" матчына билет сатылымы басталды
Кездесу 26 қараша күні сағат 20:30-да Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Билеттер қайда сатылады?
Алматылық "Қайраттың" УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңі аясында "Мьёльбюге" қарсы матч билеттері сатылымға шықты.
Матч билеттерін Qairat SuperApp және Freedom SuperApp қосымшалары арқылы сатып алуға болады. Билет рәсімдеу кезінде ЖСН көрсету қажет. Сатып алынған билеттер қайтарылмайды.
Клуб жанкүйерлерге билеттерді алыпсатарлардан сатып алмауға кеңес берді. Мұндай билеттер жарамсыз деп танылып, күшін жоюы мүмкін.
Стадионға ертерек келуге кеңес берілді
"Қайрат" жанкүйерлерді матч күні стадионға ойын басталардан 2-3 сағат бұрын келуге шақырды. Бұл кіреберістегі кезекті азайтуға мүмкіндік береді.
"Алда маңызды ұпайлар үшін күрес және клуб тарихының жаңа парағын жазу мүмкіндігі тұр. Жаңа тарихты бірге жазайық! Қазір командаға трибунадағы қолдау ерекше қажет", – делінген клубтың хабарламасында.
Еске салайық, "Қайрат" Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда Италияда "Аталантамен" сенсациялық түрде тең ойнаған еді.