Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Әлімханұлынан жеңілген боксшы аты аңызға айналған чемпионның ұлын нокдаунға түсірді

Дензел Бентли Лондондағы бокс кешінде америкалық Шейн Мозли-кішіге қарсы сенімді жеңіске жетті. 

Әлімханұлынан жеңілген боксшы аты аңызға айналған чемпионның ұлын нокдаунға түсірді
skysports.com

Қарсыласын екінші раундта есеңгіретті

Орта салмақта өткен жекпе-жек он раундқа жоспарланды. Қос боксшы да белгіленген уақытты толық өткізгенімен, кездесудің тағдырын төрешілер шешті.

Жекпе-жектің екінші раундында Дензел Бентли қарсыласын нокдаунға түсіріп, айқын басымдыққа ие болды. Дегенмен Шейн Мозли-кіші орнынан көтеріліп, айқасты жалғастыра алды. Он раундтың қорытындысында төрешілер бірауыздан британиялық боксшының жеңісін тіркеді.

Жәнібек Әлімханұлымен өткен жекпе-жек

Бұл жеңістен кейін Дензел Бентлидің кәсіби бокстағы көрсеткіші 23 жеңіс, 3 жеңіліс және 1 тең нәтижеге жетті. Оның 18 жеңісі нокаутпен аяқталған.

Айта кетейік, Бентли 2022 жылы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңілген еді. Ал Шейн Мозли-кіші кәсіби мансабындағы алтыншы жеңілісіне ұшырады. Америкалық боксшының еншісінде 23 жеңіс бар, оның 13-і нокаутпен тіркелген.

Шейн Мозли-кіші — бірнеше салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған, америкалық бокстың әйгілі өкілі Шейн Мозлидің ұлы.

Бұл туралы не ойлайсыз?