Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан құрамасының екі балуаны допингпен ұсталды

Қазақстандық еркін күрес және әйелдер күресінің екі өкілі допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін дисквалификация алды.

Қазақстан құрамасының екі балуаны допингпен ұсталды
sputnik.kz

Допинг дауына іліккендер кімдер?

Жамбыл облысының атынан еркін күрестен сынға түскен Нұрсұлтан Садық пен Батыс Қазақстан облысының өкілі Сәбина Төрейдің республикалық және халықаралық турнирлерге қатыспай жүрген себебі белгілі болды.

Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығы екі балуанның Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) талаптарын бұзғанын анықтап, оларға ресми түрде жаза қолданған.

29 жастағы Нұрсұлтан Садықтың тапсырған сынамасынан тыйым салынған кломифен препаратының іздері анықталған.

Осыған байланысты балуан екі жылға жарыстардан шеттетілді.
Дисквалификацияның басталуы: 22 қаңтар 2026 жыл.
Жазаның аяқталуы: 21 қаңтар 2028 жыл.
Анықталған зат: кломифен.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Садық бұған дейін еркін күрестен Қазақстанның құрамасының сапында өнер көрсеткен.

Сәбина Төрей де екі жылға шеттетілді

Допингке қарсы талаптарды бұзған екінші балуан – 20 жастағы Сабина Төрей.

Батыс Қазақстан облысының атынан белдескен балуанның ағзасынан сибутрамин заты табылған. Нәтижесінде оған да екі жылдық дисквалификация тағайындалды.
Дисквалификацияның басталуы: 4 тамыз 2026 жыл.
Жазаның аяқталуы: 3 тамыз 2028 жыл.
Анықталған зат: сибутрамин.

Сәбина Төрей допинг дауына дейін әйелдер күресінен жасөспірімдер құрамасының мүшесі болған.

Қолданыстағы дисквалификация мерзімдеріне сәйкес, Нұрсұлтан Садық 2028 жылдың 22 қаңтарынан, ал Сәбина Төрей сол жылдың 4 тамызынан бастап жарыстарға қайта қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бірақ олардың спортқа нақты оралуы антидопинг талаптарының толық орындалуына байланысты.

Бұл туралы не ойлайсыз?