Жәнібек Әлімханұлының бокс кешіне тағы бір титулдық айқас қосылды
Fighting.dk мәліметінше, кеште швед-австралиялық боксшы Линн Сандстрём (13-4-4, 2 КО) өнер көрсетеді.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен даниялық Якоб Банк арасында өтетін жекпе-жек кешіне тағы бір титулдық кездесу қосылды.
Fighting.dk мәліметінше, кеште швед-австралиялық боксшы Линн Сандстрём (13-4-4, 2 КО) өнер көрсетеді.
Сандстрём WBA титулын қорғайды
Primetime Boxing ақпараты бойынша, Линн Сандстрём ең жеңіл салмақтағы WBA уақытша әлем чемпионы атағын қорғайды.
Әзірге оның қарсыласының есімі ресми түрде жарияланған жоқ. Осылайша, Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтетін кеште кемінде екі титулдық айқас болады.
Әлімханұлы WBO белбеуі үшін жұдырықтасады
Кештің басты жекпе-жегінде Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Бокс кеші 2027 жылдың 23 қаңтарында Данияның Хорсенс қаласындағы Forum аренасында өтеді.