Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Галатасарайдың" Нұралы Әліпке қатысты ұстанымын белгілі болды

Түркиялық клуб отандасымызды қысқы трансферлік кезеңде сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

"Галатасарайдың" Нұралы Әліпке қатысты ұстанымын белгілі болды
1bol.kz

Түркияның "Галатасарай" клубы Қазақстан құрамасы мен Санкт-Петербургтің "Зенит" командасының қорғаушысы Нұралы Әліпті қысқы трансферлік кезеңде сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Түркиялық Akşam басылымының мәліметінше, 26 жастағы қазақстандық футболшы Ыстамбұл клубының скауттық қызметі бақылап жүрген ойыншылардың қатарында.

Әліп қорғанысты күшейтудің бір нұсқасы ретінде қарастырылып отыр

Қазіргі кезеңде "Галатасарай" Нұралы Әліптің кандидатурасын қорғаныс шебін күшейтудің ықтимал нұсқаларының бірі ретінде бағалап отыр. Алайда клубтар арасында ресми келіссөздердің басталғаны туралы әзірге ақпарат жоқ.

Бұған дейін түркиялық журналист Бурак Энем Әліптің кандидатурасы "Галатасарай" басшылығына ұсынылғанын, содан кейін клуб өкілдері оның ойынын бақылауға кіріскенін хабарлаған болатын.

Дереккөздер қазақстандық қорғаушының азаматтығын да қосымша артықшылық ретінде атап отыр. Әліп Түркия чемпионатындағы легионерлерге қатысты шектеулерге ілікпеуі мүмкін деген нұсқа айтылып жүр.

Әліптің "Зенитпен" келісімшарты 2028 жылға дейін

Нұралы Әліп "Зенит" сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол Санкт-Петербург клубына алматылық "Қайраттан" жалға алу шартымен ауысқан. Кейін "Зенит" оның трансферлік құқығын толық сатып алды.

Қазіргі келісімшарт 2028 жылдың жазына дейін жарамды.

Қазақстандық қорғаушының нарықтық құны 2 миллион еуроға бағаланып отыр.

"Галатасарай" Түркия чемпионатында көш бастап келеді

2026/27 маусымының он турынан кейін "Галатасарай" 25 ұпаймен Түркия чемпионатының турнир кестесінде бірінші орында тұр.

Ыстамбұлдық клуб ең жақын қарсыласы "Амедспордан" екі ұпай алда келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қайрат 2-орын