Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Өзбекстандық екі футболшы Түркия чемпионатында гол соқты

Футболдан Түркия чемпионатының 10-турында "Истанбул Башакшехир" өз алаңында "Самсунспорды" 5:2 есебімен жеңді.

Өзбекстандық екі футболшы Түркия чемпионатында гол соқты
instagram.com/ibfk2014/

Шомуродов есеп ашып, "Башакшехирді" алға шығарды

Ыстанбұлда өткен кездесуде алаң иелері алғашқы минуттардан-ақ шабуылға басымдық берді. 10-минутта өзбекстандық шабуылшы Эльдор Шомуродов қарсылас қақпасын дәл көздеп, есеп ашты. Бірақ "Самсунспор" көп ұзамай таразы басын теңестірді. 22-минутта Танжи Кулибали мергендігімен көзге түсті.

Бұған қарамастан "Башакшехир" ойын тізгінін қайта қолға алды. 25-минутта Андреас Сков Ольсен командасын алға шығарса, 41-минутта Эмин Байрам есеп айырмасын екі допқа жеткізді. Сөйтіп бірінші тайм 3:1 есебімен алаң иелерінің басымдығымен аяқталды.

Аббосбек Файзуллаев матчтың соңғы голын соқты

Екінші таймда да жанкүйерлер бірнеше голдың куәсі болды. 75-минутта Уссейну Ба "Башакшехирдің" төртінші голын соғып, командасының басымдығын арттырды. 84-минутта "Самсунспор" сапында Элаис Ташшан есеп айырмасын қысқартқанымен, қонақтар кездесудің тағдырын өзгерте алмады. Ал төреші қосқан қосымша уақытта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Аббосбек Файзуллаев қорытынды есепті 5:2-ге жеткізді.

Осылайша Түркия чемпионатындағы жеті гол соғылған кездесуде Өзбекстанның екі бірдей футболшысы нәтижелі ойынымен ерекшеленді.

Бұл жеңістен кейін "Истанбул Башакшехир" 10 кездесуде 14 ұпай жинап, Түркия чемпионатының турнир кестесінде 10-орынға жайғасты. Ал "Самсунспор" 4 ұпаймен 17-сатыда қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?