Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық танымал ММА файтері Қуат Хамитов Душанбеде ACA 209 турнирінде ресейлік Алексей Махноны мерзімінен бұрын жеңді.

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын нокаутқа түсірді
instagram/@kuat_khamitov

ACA 209 турниріндегі жарқын жеңіс

Жартылай орта салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте Қуат Хамитов (28-8-2) ресейлік Алексей Махномен (29-17) кездесті.

Үш раундқа жоспарланған айқас соңына дейін созылған жоқ. Екінші раундта Хамитов қарсыласынан басым түсіп, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Нәтижесінде қазақстандық файтер техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сөйтіп отандасымыз ACA 209 турниріндегі кездесуін сәтті аяқтап, кәсіби мансабындағы кезекті маңызды жеңісіне жетті. 

Үшінші жекпе-жектегі жеңіс

Алексей Махноға қарсы айқастан кейін Қуат Хамитовтың кәсіби ММА-дағы жеңістер саны 29-ға жетті. Енді оның рекорды – 29 жеңіс, 8 жеңіліс және 2 тең нәтиже. Айта кетейік, қазақстандық файтер соңғы үш кездесуінде де қарсыластарынан басым түскен.

Хамитов соңғы рет 2024 жылдың 11 мамырында жеңіліс тапқан. Сол кезде ол ресейлік белгілі файтер Александр Шлеменкоға (69-17-1) есе жіберген.

Ал ресейлік Алексей Махно Хамитовтан жеңілгеннен кейін оның кәсіби мансабындағы жеңілістер саны 18-ге жетті. Махно осымен төртінші жекпе-жегінде қатарынан қарсыласына жол беріп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?