Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын тас-талқан етті

2026 жылғы Азия чемпионы Бибарыс Әшірбай Черногорияда 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті. 

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын тас-талқан етті
sportilinet.kz

Әлем чемпионатындағы сенімді жеңіс

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық былғары қолғап шебері 1/16 финалда аргентиналық Сантьяго Хименес Лоссомен кездесті. Әшірбай жекпе-жектің алғашқы секундтарынан-ақ тізгінді өз қолына алып, қарсыласына қысым жасады. Нәтижесінде бірінші раундта бес төрешінің барлығы қазақстандықтың басымдығын мойындады.

Екінші үшминуттықта да Бибарыс қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Ол дәл соққыларымен көзге түсіп, төрешілердің бірауыздан қолдауына ие болды.

Шешуші үшінші раундта да жекпе-жек барысы өзгерген жоқ. Қазақстандық боксшы кездесудің соңына дейін басымдығын сақтап, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Бұл нәтиже Азия чемпионына әлем біріншілігінің 1/8 финалына шығуға мүмкіндік берді.

U19 әлем чемпионаты қашан аяқталады?

Еске салайық, 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты 27 қазанға дейін Будва қаласында өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 80 елінен 500-ден астам боксшы қатысып жатыр. .

Жарыста жалпы 20 салмақ дәрежесі бойынша медальдар сарапқа салынады. Оның 10-ы ерлерге, қалғаны әйелдерге арналған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19