Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан тағы бір жеңіске жетті
Айдос Үсенов Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатын сенімді жеңіспен бастады.
Қарсыласына мүмкіндік қалдырмады
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Айдос Үсенов турнирдің 1/16 финалында румыниялық Разван-Йонит Панейнтпен қолғап түйістірді.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша Айдос Үсенов әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.
Әлем чемпионатына 69 елдің боксшылары қатысуда
World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты 16-27 қазан күндері Черногорияның Будва қаласында өтеді.
Биылғы додаға 69 ұлттық федерациядан 474 боксшы қатысып жатыр. Олар 20 салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті:
Қазақстан U21