Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық боксшы ӘЧ-да қарсыласын 5:0 есебімен талқандады

Руслан Ахметов Будва қаласында 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатын сәтті бастады. 

Қазақстандық боксшы ӘЧ-да қарсыласын 5:0 есебімен талқандады
sport-hub.kz

Болгариялық боксшыны 5:0 есебімен жеңді

World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі жеңіске жетті.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жүрген Руслан Ахметов 1/16 финалда болгариялық Николай Ивановпен қолғап түйістірді.

Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан бастап жекпе-жек тізгінін өз қолына алды. Қарсыласына қарқынды шабуыл жасап, денесіне дәл соққылар бағыттады.

Үш раунд бойы басымдығын сақтаған Ахметов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

1/8 финалға жолдама алды

Осы нәтижеден кейін Руслан Ахметов әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті.

Айта кетейік, World Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты Черногорияның Будва қаласында 27 қазанға дейін жалғасады.

Халықаралық додаға 70-ке жуық елден шамамен 500 боксшы қатысып, әлем чемпионатының жүлделері үшін таласып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19