Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Еркін Ғаббасов Қазақстанға Азия Пара ойындарының алғашқы "алтынын" сыйлады

Ол 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен атудан сынға түскен болатын. 

Еркін Ғаббасов Қазақстанға Азия Пара ойындарының алғашқы "алтынын" сыйлады
sportarena.kz

Қазақстандық парамерген Еркін Ғаббасов* Жапонияда өтіп жатқан Айти-Нагоя Азия Пара ойындарында чемпион атанды.

Ол 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен ату бойынша R1 санатында 249,1 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды.

Екінші орынды Оңтүстік Корея өкілі Пак Джинхо иеленді. Ол 248 ұпай жинады.

Қола медаль тағы бір кореялық спортшы Ли Джанхоға бұйырды. Оның нәтижесі – 226 ұпай.

Жарыс рекордын жаңартты

Ғаббасов тек чемпион атанып қана қоймай, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты. Сонымен қатар бұл нәтиже оған 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Еркін Ғаббасов бұған дейін Парижде өткен Паралимпиада ойындарында күміс медаль иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?