Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық парапауэрлифтинг шебері Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасының парапауэрлифтинг шебері Тұрсынай Қабыл Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстандық парапауэрлифтинг шебері Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
instagram/csp_parasport.kz

41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз үш мүмкіндігінің барлығын сәтті орындады. Алғашқы мүмкіндігінде 100 келіні, екіншісінде 102 келіні, ал үшінші талпынысында 104 келіні көтерді. Осылайша, 104 келі нәтижесін тіркеген Тұрсынай Қабыл жарысты екінші орынмен аяқтап, Қазақстан қоржынына күміс медаль салды.

Бұл салмақта Қытай спортшысы Цуй Чжэ 120 келіні көтеріп, алтын медаль иеленді. Ал индонезиялық Ни Ненгах Видиасих 97 келі нәтижесімен қола жүлдеге қол жеткізді.

V Азия Пара ойындары 18-24 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтуде. Әлемдік додада Қазақстан намысын 12 спорт түрінен 150 спортшы қорғауда.

Бұл туралы не ойлайсыз?