Астананың орнына Алматы: Елде тұңғыш рет Төрт құрлық чемпионаты өтеді
Қаланы ауыстыру туралы шешім инфрақұрылымдағы мәселе себеп болды. Бастапқыда турнир елорда өтуі керек еді.
Мәнерлеп сырғанаудан 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионаты Астананың орнына Алматыда өтетін болды.
Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) жарысты өткізу орнын өзгертіп, турнирді 9-14 ақпан аралығында "Алматы Аренада" ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.
Қаланы ауыстыру туралы шешім 14 қазанда Швейцарияның Лозанна қаласында өткен ISU кеңесінің отырысында шығарылды.
Ауыстыруға инфрақұрылымдағы мәселе себеп болды
Жарысты басқа қалаға көшіруге Астананың сол жағалау бөлігін энергиямен қамтамасыз ететін нысанда болған өрт себеп болған.
Оқиғаның салдары бастапқыда таңдалған арена маңындағы инфрақұрылым жұмысына және қауіпсіздік мәселелеріне әсер еткен. Соған байланысты ISU турнирді Алматыға ауыстыруды мақұлдады.
Турнир мерзімі өзгермейді
Қала ауысқанымен, чемпионаттың өтетін уақыты өзгерген жоқ.
Төрт құрлық чемпионаты 2027 жылғы 9-14 ақпан аралығында өтеді.
Қазақстан тарихында алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізеді.
Бұл жарысқа:
- Азия;
- Солтүстік Америка;
- Оңтүстік Америка;
- Африка;
- Океания елдерінің спортшылары қатысады.
Медальдар ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда, спорттық жұптар сайысында және мұздағы би бағдарламасында сарапқа салынады.