Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Карина Ибрагимова әлем кубогының финалына шықты

Карина Ибрагимова жартылай финалда Сербия өкілі Наталья Шадринадан басым түсті. 

Карина Ибрагимова әлем кубогының финалына шықты
olympic.kz

Қазақстан құрамасының боксшысы Ташкентте өтіп жатқан World Boxing-2026 әлем кубогының финалдық кезеңінің алтын медаліне таласады.

57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Карина Ибрагимова жартылай финалда Сербия өкілі Наталья Шадринамен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Енді қазақстандық боксшы турнирдің алтын медалі үшін рингке шығады. Ал Наталья Шадрина жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Карина Ибрагимованың тәжірибесі мол

Карина Ибрагимова әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері.

Оның еншісінде әлем біріншілігінің бір күміс және екі қола медалі бар. Сонымен қатар ол Азия чемпионы және Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Ал Наталья Шадрина бұған дейін әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Сондай-ақ сербиялық боксшы Еуропа чемпионы атанып, Еуропа ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?