Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Алматылық боксшы Филиппинде чемпиондық белбеу жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Александр Ковригин Манилада танзаниялық Рамадан Масуд Иддті үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Алматылық боксшы Филиппинде чемпиондық белбеу жеңіп алды
instagram.com/nomadfight_mgmt/

Төреші үшінші раундта Идд екі рет нокдаунға түскеннен кейін кездесуді тоқтатты. Бұл Ковригиннің кәсіпқой рингтегі оныншы жеңісі. Оның еншісінде 10 жеңіс, соның сегізі нокаутпен, және екі жеңіліс бар.

Осы жеңістің арқасында алматылық боксшы жеңіл салмақта WBF International чемпионы атанды.

Маниладағы айқас Ковригин үшін 2025 жылғы желтоқсаннан бергі алғашқы жекпе-жек болды. Ол сол кезде грузиялық Давид Нацвилишвилиді де техникалық нокаутпен жеңген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?