Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық файтер Мәскеуде сенсациялық жеңіске жетті

Отандасымыз жекпе-жек фавориті саналған ресейлік Дмитрий Бикревтен басым түсті. 

Қазақстандық файтер Мәскеуде сенсациялық жеңіске жетті
sports.kz

Қазақстандық ММА файтері Әділ Боранбаев Мәскеуде өткен Fight Nights 145 турнирінде ресейлік Дмитрий Бикревті жеңді.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа есептелді. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Боранбаев басым түсті деген шешім шығарды. Жекпе-жек алдында Дмитрий Бикрев айқын фаворит саналған еді.

Кездесудің бірінші раундында рефери Боранбаевтан бір ұпай алып тастады. Ал үшінші раундта дәл осындай жаза Бикревке қолданылды.

Боранбаев 24-жеңісіне қол жеткізді

Осы айқастан кейін Әділ Боранбаевтың кәсіпқой ММА-дағы жеңістер саны 24-ке жетті. Ал Дмитрий Бикрев мансабындағы бесінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, бастапқыда Дмитрий Бикрев өзінің отандасы Артур Пронинмен кездесуі тиіс болған.Алайда Пронин жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Кейін оның орнына Әділ Боранбаев шықты.

Еске сала кетейік, Дмитрий Бикрев бұған дейін Fight Nights лигасының жартылай орта салмақтағы чемпионы болған.

Ал Әділ Боранбаев Alash Pride ұйымында жеңіл салмақта чемпиондық белбеуге иелік етті.

Бұл туралы не ойлайсыз?