Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Роналду бұлай кетпеуі керек": Гвардиола Португалияға үндеу жасады

Испаниялық маманның айтуынша, Португалия ұлттық федерациясы Роналдудың ұзақ жылдық еңбегіне сай қоштасу рәсімін ұйымдастыруы керек.

"Роналду бұлай кетпеуі керек": Гвардиола Португалияға үндеу жасады
sports.ru

Испаниялық бапкер Пеп Гвардиола Криштиану Роналдудың Португалия құрамасындағы мансабының аяқталуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ұлттық федерация Роналдудың ұзақ жылдық еңбегіне сай қоштасу рәсімін ұйымдастыруы керек. Бұл туралы Гвардиола RomarioTV берген сұхбатында мәлімдеді. 

"Португалия футбол федерациясы Криштиану Роналдудың мансабын лайықты түрде аяқтауына мүмкіндік беруі керек. Екі тарап та бұған күш салуға тиіс. Роналду Португалия құрамасынан осылай кетпеуі керек", – деді Гвардиола.

Ол Роналдудың Португалия футболындағы орны тек жеке жетістіктерімен шектелмейтінін атап өтті. Испаниялық маман Роналдудың ұлттық құрамаға және кейінгі буын футболшыларға үлкен ықпалын тигізгенін айтты.

"Ол тек өзі үшін немесе Португалия үшін ғана емес, болашақ португалиялық футболшылар үшін де ерекше маңызды тұлға болды. Сондықтан оның мансабы қалай аяқталатынына мән беру керек", – деді бапкер.

Қоштасу рәсімін өткізуге шақырды

Гвардиоланың сөзінше, бір-екі айдағы жағдай немесе жекелеген адамдармен болған келіспеушілік бүкіл мансапқа берілетін бағаны өзгертуге тиіс емес.

"Ұлы футболшылар, өз дәуірінде шыңға шыққан ойыншылар парадтық есіктен кетуге лайық. Біріншіден, олар футболға барын берді. Екіншіден, бұл жас балалар үшін үлгі. Олар кейін "Мен де Ромарио, Криштиану Роналду, Лионель Месси немесе Паоло Мальдини сияқты мансабымды аяқтағым келеді" деп айта алуы керек", – деді Гвардиола.

Айта кетейік, Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын 2026 жылғы 5 қарашада аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?