Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Төрехан Сабырхан Головкиннен асып түскісі келеді

Төрехан Сабырхан Олимпиада алтынын жеңіп, кәсіпқой бокста Геннадий Головкиннің жетістігінен асып түсуді көздейді.

Төрехан Сабырхан Головкиннен асып түскісі келеді
instagram.com/boxingkazakhstan/

Кәсіпқой бокста қарсыласын өзі таңдауды көздейді

Сабырханның айтуынша, Олимпиада алтыны кәсіпқой бокста келіссөз жүргізгенде өз шартын қоюға мүмкіндік береді. Ол екі дүркін Олимпиада чемпионы Василий Ломаченконы үлгі етіп, жекпе-жек өткізетін қарсыласын өзі таңдауға ниетті екенін жеткізді.

"Олар маған өздері келсе, "Мына боксшымен жұдырықтасқым келеді, осы жекпе-жекті ұйымдастырыңыздар" деп, өз шартымды қоя аламын", – деді Сабырхан.

Боксшы Головкиннің жекпе-жегін көру үшін таңғы бесте тұрған кездерін де еске алды.

"Бұрын Головкин аға жұдырықтасқанда, таңғы бес болса да, тұрып көретінбіз. Құдай қаласа, менің де мақсатым – жанкүйерлер жекпе-жегімді көру үшін уақытқа қарамай тұрса екен", – деді ол.

Әлем чемпионының кәсіпқой рингтегі дебюті нокаутпен аяқталды

Сабырхан 2025 жылы Софияда "Странджа" кубогын жеңіп, осы турнирдің үздік боксшысы атанған алғашқы қазақстандық болды. Сол жылдың сәуірінде Астанада Жәнібек Әлімханұлының бокс кешінде кәсіпқой рингке алғаш шығып, қарсыласын нокаутпен жеңді. Қыркүйекте Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында алтын алып, Қазақстан боксы тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанды.

2026 жылы Ұлан-Батырдағы Азия чемпионатында күміс жүлде алды. Кейін Жапониядағы Азия ойындарының финалында иорданиялық Зейяд Ишаиштан есе қайтарып, Қазақстанға ерлер боксынан 12 жылда алғаш рет Азия ойындарының алтынын әкелді.

Бұл туралы не ойлайсыз?