Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Педриньоның дублі "Семейге" Чемпиондар лигасында жеңіс әкелді

Футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы кездесуде "Семей" украиналық "Атлетикті" 3:2 есебімен жеңді. 

Педриньоның дублі "Семейге" Чемпиондар лигасында жеңіс әкелді
instagram/@fcsemey

Қарсыластар Молдованың Чореску қаласындағы "Футзал Арена МФФ" алаңында кездесті. "Семей" есепті жетінші минутта ашты. Фернан қазақстандық команданы алға шығарды. Бірақ үзіліске дейін "Атлетик" таразы басын теңестірді. 18-минутта Эдуард Нагорный мергендігімен көзге түсті.

Екінші таймда тартыс күшейе түсті. 24-минутта украиналық клубтың ойыншысы Давид Калашник алаңнан қуылды. Ал 26-минутта Педриньо гол соғып, "Семейді" қайтадан алға шығарды.

"Атлетик" Олег Выставнойдың арқасында таблодағы көрсеткішті 2:2-ге жеткізді. Бір минуттан кейін украиналық команданың тағы бір ойыншысы — Богдан Мещеряков алаңнан қуылды.

Кездесудің шешуші сәті 38-минутта тіркелді. Педриньо дубль жасап, "Семейге" 3:2 есебімен жеңіс әкелді.
Қос команда арасындағы қарымта матч 5 желтоқсанда Семейде өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?