Қазақстан әлем кубогының финалына қатысатын құрамын жариялады
World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңіне 31 елден 142 боксшы қатысады.
Қазақстан бокс федерациясы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін World Boxing-2026 әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын құрамды жариялады.
Жарыс 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді. Қазақстан атынан турнирге 11 боксшы қатысады: алты ер және бес әйел боксшы.
Ерлер құрамасы
Қазақстан ерлер құрамасының сапында мына боксшылар өнер көрсетеді:
- 50 келіге дейін – Даниял Сәбит;
- 70 келіге дейін – Фарух Тоқтасынов;
- 75 келіге дейін – Аман Қонысбеков;
- 80 келіге дейін – Диас Молжігітов;
- 85 келіге дейін – Сұлтанбек Айбарұлы;
- 90 келіге дейін – Дәулет Төлемісов.
Әйелдер құрамасы
Қазақстан әйелдер құрамасына бес спортшы енді:
- 57 келіге дейін – Карина Ибрагимова;
- 70 келіге дейін – Бақыт Сейдіш;
- 75 келіге дейін – Шұғыла Нәлібай;
- 80 келіге дейін – Валерия Аксенова;
- 80 келіден жоғары – Дина Исламбекова.
Турнирге 31 елден 142 спортшы қатысады
World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңіне 31 елден 142 боксшы қатысады.
Турнирдің ерекшелігі – спортшылар жарысқа халықаралық World Boxing ұйымының іріктеу қорытындысы бойынша арнайы шақырту алады. Алғашқы жекпе-жектер 28 қарашада басталады. Ал алтын медальдар үшін шешуші айқастар 3 желтоқсанға жоспарланған.
Турнирде жалпы 20 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оны ерлер арасында, тағы оны әйелдерге беріледі.