Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бек Нұрмағанбет алдағы уақытта чемпиондармен жұдырықтаспақ

Нұрмағанбет соңғы рет 31 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінде рингке шыққан болатын. 

Бек Нұрмағанбет алдағы уақытта чемпиондармен жұдырықтаспақ
baq.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет екінші орта салмақтағы мықты қарсыластармен кездескісі келетінін ашық айтты. Instagram желісінде жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап берген боксшы келесі жекпе-жегі туралы да сөз қозғады. 

Жанкүйерлердің бірі қазақстандық боксшыдан рингке қашан оралатынын сұраған. Нұрмағанбет әзірге нақты жауап бере алмайтынын жеткізді. Ал келесі қарсыласы ретінде кімді көргісі келетіні туралы сұраққа деп жауап берді.

"Мықтылармен, чемпиондармен!", – деді қазақстандық былғары қолғап шебері. 

Бек Нұрмағанбеттің соңғы жекпе-жегі қалай өтті?

Нұрмағанбет соңғы рет 31 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінде рингке шықты. Ол мексикалық Маркос Васкесті бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы АҚШ-та Эдди Рейносоның залында Сауль "Канело" Альвареспен бірге жаттығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?