Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Бұл — өте ұят": Асу Алмабаев UFC-дегі жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады

Асу Алмабаев Дохадағы UFC Fight Night 294 турнирінде жапониялық Кёдзи Хоригутиден жеңілгеннен кейін жанкүйерлерге үндеу жолдады. 

"Бұл — өте ұят": Асу Алмабаев UFC-дегі жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады
sportnews.kz

"Титулға бір қадам қалғанда қайта шегінесің" 

Асу дайындыққа жұмсаған еңбегін айтып, әлі де жетілдіретін тұстары бар екенін мойындады.

"Ассалаумағалейкум, қазақстандықтар, қазақ елі! Кеше маған жанкүйер болған бауырларыма көп рақмет. Мен үшін уайымдап, дұға жасаған барша бауырыма алғыс айтамын.

Маған да оңай емес. Қаншама жекпе-жек, қаншама ай бойы күндіз-түні жаттығып, еңбектеніп, тер төгесің... Ал титулға бір қадам қалғанда қайтадан артқа шегінесің. Кез келген спортшыға бұл моральдық тұрғыдан ауыр тиеді. Өмірде маған ештеңе оңай келген жоқ. Бұған да сондай еңбекпен жететініме сенімдімін. Әлі көп нәрсемен жұмыс істеу керек. Ақталудың қажеті жоқ".

Кімдерді сынға алды?

Файтер өзінің жеңілісін жеке танымалдығын арттыруға пайдаланатын адамдардың әрекетіне наразылық білдірді.

"Мені бәрінен бұрын жеңілісім арқылы өз атын шығарғысы келетін бауырлар таңғалдырады. Орыстарда "Өзгенің қайғысының үстіне бақыт құра алмайсың" деген сөз бар ғой. Сондықтан мықты болсаңдар, осында келіңдер, топ-5, топ-10, топ-20 қатарына кіріңдер. Өздеріңді осы жерде көрсетіңдер. Біреудің жеңілісі арқылы атақ іздеуді қойыңдар. Бұл — өте ұят". 

"Өзім жеңдім деп ойладым" 

Алмабаев жекпе-жек барысында өзіне жеңіп жатқаны айтылғанын жеткізді. Оның пікірінше, нәтиже жарияланған сәтте қарсыласы да таңғалған.

"Әрине, бұл жекпе-жек үшін ақталмаймын. Өзім жеңдім деп ойладым. Әр раундта нұсқау берген кезде маған жеңіп жатқанымды айтты. Өздеріңіз көргендей, соңғы раундта Хоригутидің өзі де жеңгеніне таңғалды. Сондай сәт болды".

Жанкүйерлерге бірлік туралы үндеу жолдады

Асу халықтың пікірін құрметтейтінін айтып, мақтауға да, сынға да сабырмен қарауға шақырды.

"Халық не айтса да, жекпе-жекті қалай талдаса да — ол халық. Халықтың арқасында ел болдық, адам болдық. Сондықтан біреу мақтаса, көкірек көтермейміз, жанға бататын сөз айтса, рухымызды түсірмейміз. Мұны жалпы айтып отырмын.

Біртұтас ел болайық, бірлігіміз нығая берсін. Бұл — ер азаматтың жолы, ердің жолы. Мұндай болады. Кейде жеңілесің, кейде жеңесің. Қазақстан, алға!"

Хоригутимен кездесу "Зұлфиқардың" UFC-дегі екінші жеңілісі болды. Енді оның ұйымдағы көрсеткіші — жеті жеңіс, екі жеңіліс.

Бұл туралы не ойлайсыз?