UFC Доха: Алмабаев пен Нұрғожай қатысатын турнир нешеде басталады?
Асу Алмабаев пен Дияр Нұрғожай өнер көрсететін жекпе-жек кеші Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Асу Алмабаев аса жеңіл салмақта жапониялық Киоджи Хоригучимен кездеседі. Қазақстандық файтердің жекпе-жегі турнирдің негізгі кардына енгізілген.
Жартылай ауыр салмақтағы Дияр Нұрғожай америкалық Алик Лоренцке қарсы октагонға шығады. Олардың кездесуі алдын ала кардтағы екінші жекпе-жек болады.
Бұл — Нұрғожайдың UFC аясындағы бесінші айқасы.
Дохадағы ABHA аренасында өтетін турнирдің басты оқиғасы — чехиялық Иржи Прохазка мен жаңа зеландиялық Навахо Стирлинг арасындағы кездесу.
Жартылай ауыр салмақтың бұрынғы чемпионы Прохазка кәсіпқой мансабында әлі жеңілмеген қарсыласына қарсы күш сынасады.
Бұл туралы не ойлайсыз?