Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бибісара Асаубаева Карлсеннен кейінгі алғашқы қарсыласына есе жіберді

Қазақстандық шахматшы Венгриядағы Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінің жұбаныш кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізді.

Бибісара Асаубаева Карлсеннен кейінгі алғашқы қарсыласына есе жіберді
instagram/bibisarachess

Бибісара Асаубаева америкалық гроссмейстер Эндрю Хонгпен кездесіп, 5:15 есебімен жеңіліс тапты. Алғашқы ойын күнінде шахматшылар блиц, рапид және жылдам классика форматтарында бақ сынады.

Отандасымыз алғашқы блиц партиясында қара фигуралармен жеңіске жеткенімен, кейін қатарынан үш партияда қарсыласына есе жіберді. Рапид форматындағы партияда да америкалық шахматшы басым түсті.

Екінші партияда қазақстандық шахматшы жеңіске жетіп, есеп айырмасын 5:7-ге дейін қысқартты. Алайда соңғы партияда, жылдам классика ережесі бойынша өткен кездесуде, Асаубаева ақ фигуралармен ойнағанына қарамастан, қарсыласына жол берді. Нәтижесінде Эндрю Хонг жалпы есепті 15:5-ке жеткізіп, сегіз ұпай иеленді.

Бұл текетіресте турнирдің қорытынды кестесіндегі 19-орынның тағдыры шешіледі. Турнирдің екінші кезеңі 20 қарашада өтеді. Бұған дейін Бибісара Асаубаева сайыс аясында Магнус Карлсенмен екі күндік кездесу өткізіген.

Бұл туралы не ойлайсыз?