Ламин Ямал "Сабахқа" қарсы ойнамайды
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы ойын 25 қарашада Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
"Барселонаның" вингері Ламин Ямал командасымен бірге Әзербайжанға бармайды. Каталониялық клуб оң тобығы мазалаған футболшыға демалыс берді.
Клубтың медициналық мәлімдемесіне сәйкес, Ямал оң тобығында жеңіл жайсыздық сезінген. Осыған байланысты "Барселона" сақтық шарасы ретінде оны "Сабахқа" қарсы матчқа қатыстырмауға шешім қабылдады.
Испаниялық футболшы 22 қарашада "Вильярреалға" қарсы ойынның алдында медициналық көмек алғанымен, сол кездесуде 90 минут ойнады. "Барселона" матчты 3:2 есебімен жеңді.
"Сабах" пен "Барселона" қашан ойнайды?
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 5-тур матчы 25 қарашада Әзербайжанда өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
Айта кетейік, "Барселона" Ямал 29 қарашада Ла Лига аясында "Депортивоға" қарсы өтетін матчқа дайын болады деп күтеді. Каталониялықтар бұл кездесуді де сырт алаңда өткізеді.