Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жаңадан құрылған алматылық клубтың жоспары белгілі болды

Жаңа клубтың негізгі құрамын Бірінші лигада өнер көрсету тәжірибесі бар футболшылардан жасақтау жоспарланып отыр.

Жаңадан құрылған алматылық клубтың жоспары белгілі болды
kff.kz

Қазақстан футболында тағы бір кәсіби клуб пайда болуы мүмкін. Алматыда "Алматы" ФК атты жаңа команда құрылып жатыр.

Жоба өкілдері команданы елдің үшінші деңгейлі дивизионы саналатын Екінші лигаға қатыстыру үшін Қазақстан футбол федерациясына өтініш білдірген.

Құрам тәжірибелі ойыншылардан жасақталмақ

Жаңа клубтың негізгі құрамын Бірінші лигада өнер көрсету тәжірибесі бар футболшылардан жасақтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар команда болашағынан үміт күттіретін QJ League ойыншыларына да мүмкіндік бермек. Осылайша, клуб басшылығы тәжірибелі футболшылар мен жас таланттарды бір құрамда біріктіруді көздеп отыр.

"Алматы" ФК дебюттік маусымды тек бейімделу кезеңі ретінде қарастырмайды.

Жаңа команданың алдына Екінші лигада жоғары нәтиже көрсетіп, бірден Бірінші лигаға жолдама алу міндеті қойылмақ.

Егер жоспар жүзеге асса, алматылық клуб кәсіби футболдағы алғашқы маусымының өзінде дивизион көтеруге талпынады.

Клуб мемлекеттік қаржы алмайды

Жобаның тағы бір ерекшелігі – "Алматы" ФК жеке меншік клуб ретінде жұмыс істемек.

Команда мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды деп жоспарланған.

Әзірге клубтың нақты құрамы, бапкерлер штабы және Екінші лигадағы дебютінің мерзімі ресми түрде жарияланған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?