Дияр Нұрғожай UFC-дегі жарқын жеңісі үшін қомақты бонус алды
Қазақстандық файтердің айқасы "Кештің үздік жекпе-жегі" атанды.
Жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай Дохада өткен UFC Fight Night 294 турнирінен кейін қомақты бонусқа ие болды.
Қазақстандық спортшыға жарқын жеңісі үшін 100 мың доллар сыйақы берілді.
Нұрғожай қарсыласын екінші раундта тоқтатты
Дияр Нұрғожай UFC-дегі дебютін өткізген америкалық Алик Лоренцпен кездесті. Екінші раундтың басында қазақстандық файтер қарсыласының басынан аяқпен теуіп, оны нокдаунға түсірді. Артынша партерде шабуылын жалғастырды.
Төреші раундтың 24-секундында жекпе-жекті тоқтатып, Нұрғожайдың техникалық нокаутпен жеңгенін тіркеді. Осылайша, оның кәсіпқой ММА-дағы көрсеткіші 13 жеңіс пен 2 жеңіліске жетті. Ал Лоренцтің рекорды 8-3 болды.
UFC төрт файтерге бонус берді
Турнир қорытындысы бойынша UFC Дияр Нұрғожайдан бөлек тағы үш спортшыға "Кештің үздік өнері" бонусын тағайындады.
Сыйақы алғандар қатарында Навахо Стирлинг, Амир Альбази және Джон Митчелл бар.
Айта кетейік, Дохадағы нәтиже Нұрғожайдың UFC-дегі қатарынан үшінші жеңісі болды. Бұған дейін қазақстандық файтер Рафаэль Тобиасты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңсе, Бруно Лопесті нокаутқа түсірген.