2026 жылдың үздік бапкерлері анықталды
Қазақстан теннис федерациясы 2026 жылдың қорытындысын шығарып, елдегі үздік бапкерлерді марапаттады.
Жыл сайынғы дәстүрлі марапаттау рәсімі Қазақстан теннис федерациясының бапкерлер конференциясы аясында өтті. Үздік мамандар жас спортшыларды дайындау, балалар мен жасөспірімдер теннисін дамыту және білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудағы еңбегі аталып өтті.
Үздік бапкерлерге ақшалай сыйлық табысталды
Федерация мәліметінше, лауреаттарға кәсіби жетістіктері мен қазақстандық тенниске қосқан үлесі үшін ақшалай сыйлықтар және естелік марапаттар берілді.
Соңғы бес жылда марапаттау жүйесі едәуір кеңейген. Қазір ол әртүрлі жас санатындағы теннисшілерді дайындаумен қатар, Tennis 10s, Baby Tennis, арбадағы теннис бағдарламаларын дамыту және бапкерлердің біліктілігін арттыру бағыттарын да қамтиды.
2026 жылдың үздік бапкерлері
Жыл қорытындысы бойынша мына мамандар марапатталды:
- 10 жасқа дейінгі балалар арасындағы үздік бапкер — Оксана Галиева ("Эйс" теннис орталығы, Алматы);
- 12 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы үздік бапкер — Руслан Мирошниченко (Beeline Arena ұлттық теннис орталығы, Астана);
- 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы үздік бапкер — Серижан Есенбеков (Beeline Arena ұлттық теннис орталығы, Астана);
- 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы үздік бапкер — Павел Цой (Team KZ, Астана);
- Жылдың үздік аға бапкері — Руслан Мухамедзянов (Beeline Arena ұлттық теннис орталығы, Астана);
- Жылдың үздік әйел бапкері — Салтанат Кочерова (Beeline Arena ұлттық теннис орталығы).
Арнайы номинациялар да табысталды
Теннистің жекелеген бағыттарын дамытуға үлес қосқан мамандар да назардан тыс қалмады.
- Арбадағы теннисті дамытуға қосқан үлесі үшін — Жалғас Қадыр;
- Tennis 10s бағдарламасын үйлестірудегі үздік жетістігі үшін — Марина Мартышева;
- Baby Tennis бағдарламасын дамытудағы үздік жетістігі үшін — Құралай Дүйсен;
- Теннисті дамытуға қосқан үлесі үшін — Олег Павлов.