Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Әлімханұлының салмағындағы титулдық жекпе-жек нокаутпен аяқталды

Германияның Ингольштадт қаласындағы бокс кешінің басты кездесуінде Гранит Штейн румыниялық Мариус Антоньеттиді мерзімінен бұрын жеңіп, IBO International белбеуін иеленді. 

Әлімханұлының салмағындағы титулдық жекпе-жек нокаутпен аяқталды
boxingnews24.com

Қарсыласын бесінші раундта тоқтатты

Екінші орта салмақтағы бос тұрған IBO International титулы сарапқа салынған айқас он раундқа жоспарланған еді. Дегенмен боксшыларға толық қашықтықты жүріп өту қажет болмады. Бесінші раундта Штейн техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

34 жастағы Гранит Штейн кәсіпқой мансабындағы 22-жеңісін тіркеді. Бұған дейін ол екі рет жеңіліп, бір кездесуін тең аяқтаған.

Ал Мариус Антоньетти алтыншы мәрте қарсыласына есе жіберді. Румыниялық боксшының еншісінде 23 жеңіс бар.

Бұл салмақта Жәнібек Әлімханұлы да өнер көрсетеді

Екінші орта салмақ — Жәнібек Әлімханұлының қазіргі дивизионы. Бұған дейін орта салмақта жұдырықтасқан отандасымыз 2026 жылдың жазында 168 фунтқа дейінгі, яғни 76,2 келіге дейінгі санатқа ауысатынын жариялаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?