Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Парижде ресейлік ММА файтері зорлық күдігімен ұсталды

Франциялық Le Parisien және Actu басылымдарының мәліметінше, 27 жастағы спортшы 20 қарашада Парижде өткен ARES 45 турнирінен кейін ұсталған.

Парижде ресейлік ММА файтері зорлық күдігімен ұсталды
kavkaz-uzel.eu

Ресейлік ММА файтері Әмір Әлиев Парижде зорлау дерегі бойынша күдікке ілініп, полицияға жеткізілді.

Франциялық Le Parisien және Actu басылымдарының мәліметінше, 27 жастағы спортшы 20 қарашада Парижде өткен ARES 45 турнирінен кейін ұсталған.

Әлиев турнирден кейін қамауға алынған

Әмір Әлиев ARES 45 турнирінде бразилиялық Матеус Малтамен жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. Алайда жарыстан кейін полиция оны бірнеше күн бұрын Монтрей қаласында болған оқиғаға қатысы бар деген күдікпен ұстаған.

Bobigny прокуратурасы 22 қараша күні түстен кейін Әлиевтің әлі де полиция бақылауында болғанын растаған.

Спортшы айыпты жоққа шығарды

Кейін Әмір Әлиев ТАСС агенттігіне берген сұхбатында бостандыққа шыққанын мәлімдеді. Оның сөзінше, полиция айыптаудың негізсіз екенін және қателік болғанын түсіндірген.

"Бұл – жалған ақпарат. Менің мұндай әрекетке баруым мүмкін емес. Мені босатты. Франция полициясы қателік кеткенін және маған айып тағуға ешқандай негіз жоқ екенін мойындады", – деді Алиев.

Спортшының айтуынша, оқиғаға бұған дейін сөзге келіп қалған адамның арызы себеп болған.

Әлиев сол адамның кейін өзіне қарсы жалған айып таққанын мәлімдеді. Оның сөзінше, осы арыздың негізінде менеджері мен тағы бірнеше адам да ұсталған.

Айта кетейік, Әмір Әлиев Грозный қаласында дүниеге келген. Оның кәсіпқой ММА-дегі көрсеткіші – 13 жеңіс және 2 жеңіліс.

Бұл туралы не ойлайсыз?