Футбол
"ПСЖ" жұлдызы зорлау ісі бойынша 15 жылға түрмеге қамалудың алдында тұр
Франция прокуратурасы "Пари Сен-Жермен" клубының және Морокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакимиге қатысты зорлау ісі бойынша сот тергеуін бастауды талап етті. Егер айыптау қорытындысы қабылданса, футболшыны 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.