Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Үш құраманың дайындығына жауапты бапкер қызметін аяқтады

Қазақстанның құрамаларында дене дайындығына жауап берген Мұхит Ахметов ұлттық командалардағы жұмысын аяқтағанын мәлімдеді.

Үш құраманың дайындығына жауапты бапкер қызметін аяқтады
instagram/@muhitakhmetov

Рингтен кетті

Ахметов жариялаған кинематографиялық үлгідегі видеода ұлттық құраманың спорттық жабдығымен қоштасып, рингтен кетіп бара жатқан сәтін көрсеткен.

Ол жазбасында Қазақстан бокс федерациясына алғыс айтып, қажет болған жағдайда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

"Осымен менің бокстағы жолым аяқталды. Қазақстан бокс федерациясына өркендеу мен әлемдік аренада көп жеңіс тілеймін. Көмегім қажет болса, әрдайым қол ұшын созуға дайынмын.

Бапкерлер мен боксшыларға Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарында барлық алтын медальді жеңіп алуды тілеймін. Сіздермен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Маған сенген баршаңызға рақмет", — деп жазды Ахметов.

Мұхит Ахметов қандай қызмет атқарды?

Маман Қазақстанның ерлер, әйелдер және жастар құрамаларының физикалық әрі функционалдық дайындығына жауап берді.

Ол ұлттық командалардың бапкерлер штабына 2024 жылы қосылған. Осы уақыт ішінде боксшыларды Париж Олимпиадасына және 2025 жылғы әлем чемпионатына дайындауға атсалысты.

Ахметов әлеуметтік желіде де белсенді. Оның блогына 120 мыңнан астам пайдаланушы жазылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?