Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Әлімханұлының жаңа салмағындағы чемпиондық жекпе-жекте нокаут тіркелді

Аргентиналық Бруно Дамиан Акоста отандасы Габриэль Омар Диасты нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақта Оңтүстік Америка чемпионы атанды.

Әлімханұлының жаңа салмағындағы чемпиондық жекпе-жекте нокаут тіркелді
instagram/@bruno_acosta.14

Акоста сегізінші раундта жеңіске жетті

Буэнос-Айрестегі кездесу он раундқа жоспарланған еді. Бірақ қарсыластарға толық қашықтықты жүріп өту қажет болмады.

Акоста сегізінші раундта Диасты нокаутпен жеңіп, Оңтүстік Америка чемпионының бос тұрған белбеуін иеленді.

Әлімханұлы да екінші орта салмаққа ауысқан

Екінші орта салмақ — Жәнібек Әлімханұлының жаңа салмақ дәрежесі.

Ол 2026 жылдың шілдесінде орта салмақтан жоғары көтерілетінін шешіп, бұрынғы дивизионындағы WBO әлем чемпионы белбеуінен бас тартқан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?