Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бибісара Асаубаева Жавохир Синдаров үшін финалдық турнирден бас тартты

Бибісара Асаубаева Францияда өткен рапид турниріндегі жеңісінің арқасында WR Women’s Chess Tour гранд-финалына қатысу құқығына ие болған.

Бибісара Асаубаева Жавохир Синдаров үшін финалдық турнирден бас тартты
Offside.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева WR Women’s Chess Tour сериясының гранд-финалына қатысудан бас тартты.

Chess.com мәліметінше, қазақстандық гроссмейстер бұл шешімді өзбекстандық Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін өтетін матчта қолдау көрсету үшін қабылдаған.

Асаубаева гранд-финалға жолдама алған еді

Бибісара Асаубаева Францияда өткен рапид турниріндегі жеңісінің арқасында WR Women’s Chess Tour гранд-финалына қатысу құқығына ие болған. Алайда ол финалдық кезеңге берілген шақыртуды қабылдамады.

"Гроссмейстер Бибісара Асаубаева Франциядағы рапид турнирінде жеңіске жетіп, гранд-финалға жолдама алған еді. Бірақ ол ФИДЕ-нің 2026 жылғы әлем чемпионаты матчында Жавохир Синдаровқа қосылу үшін шақыртудан бас тартты", – делінген Chess.com материалында.

Қазақстандық шахматшының орнына Украина өкілі Мария Музычук шақырылған. Осылайша, турнирде Музычук әулетінің екі өкілі де өнер көрсетті.

Гранд-финал Штутгартта өтті

WR Women’s Chess Tour гранд-финалы 22–23 қарашада Штутгартта ұйымдастырылды.

Жарысқа сегіз шахматшы қатысып, блиц және рапид форматтарында сынға түсті.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 40 мың долларды құрады.

Синдаров әлем чемпионы Гукешпен кездеседі

Жавохир Синдаров әлем чемпионы атағы үшін қазіргі чемпион, Үндістан өкілі Гукеш Доммараджумен кездеседі.

Шахмат тәжіне талас Женевада өтеді.

Матчтың алғашқы партиясы 24 қарашаға жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?