Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан Азия чемпионатын ірі жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі келесі матчын Үндістанға қарсы 24 қарашада өткізеді.

Қазақстан Азия чемпионатын ірі жеңіспен бастады
olympic.kz

Алматыда әйелдер арасындағы гандболдан Азия чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін сенімді жеңіспен ашты.

Топтық кезеңдегі алғашқы матчта қазақстандық гандболшылар Австралия құрамасынан басым түсті.

Қазақстан 37:18 есебімен жеңді

Кездесу Қазақстан құрамасының толық басымдығымен өтті. Матч қорытындысында отандық команда қарсыласын 37:18 есебімен жеңіп, Азия чемпионатындағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді.

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының В тобына түсті.

Бұл топта қазақстандықтардан бөлек:

  • Оңтүстік Корея;
  • Өзбекстан;
  • Үндістан;
  • Австралия құрамалары өнер көрсетеді.

Келесі қарсылас – Үндістан

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі келесі матчын 24 қарашада өткізеді.

Бұл жолы қазақстандық гандболшылар Үндістан құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, Алматыдағы Азия чемпионаты 3 желтоқсанға дейін жалғасады.

Турнир қорытындысы бойынша үздік төрт команда 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?