Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Оралда тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

Jaiyq Arena спорт кешенінде көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әліні еске алуға арналған турнир ашылды. 

Оралда тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды
NUR.kz

Жүлде қоры — 1,5 миллион теңге

Халықаралық додаға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Қазақстанның бірқатар өңірінен тоғызқұмалақшылар жиналды.

Қатысушылар ардагерлер, жастар, балалар мен жасөспірімдер санаттары бойынша бақ сынайды. Турнирдің жалпы жүлде қоры — 1,5 миллион теңге. Жарыс бес күнге созылады.

Бес дүркін әлем чемпионына құрмет көрсетілді

Салтанатты іс-шара барысында ұлттық спорттың дамуына елеулі үлес қосқан жаттықтырушылар мен сала өкілдеріне "Тоғызқұмалақ қайраткері" төсбелгісі табысталды.

Түркияның Амасья қаласындағы әлем біріншілігінде жеңіске жеткен батысқазақстандық Самира Оразмұханбетке де арнайы құттықтау айтылды. Ол — бес дүркін әлем чемпионы.

Бұл туралы не ойлайсыз?