Роналду "Әл-Насрдың" басты мәселесі атанды
Сауд Арабиясы құрамасының бұрынғы қорғаушысы Хусейн Абдулгани "Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың қазіргі ойынына сын айтты.
Футболшы Koora басылымымен сұхбатында португалиялық шабуылшының команданың нәтижесіне кері әсер етіп жүргенін айтты. Сауд Арабиясы чемпионатындағы "Әл-Ахли" мен "Әл-Наср" арасындағы матчтан соң Абдулгани батыл мәлімдеме жасады. Джидда қаласында өткен кездесуде Роналду командасының жалғыз голын соққанымен, "Әл-Наср" 3:1 есебімен жеңіліске ұшырады.
Хусейн Абдулгани португалиялық шабуылшының бұрынғы жетістіктерін мойындай отырып, оның қазіргі уақытта командаға әкелетін пайдасына күмән келтірді.
"Роналду – ұлы футболшы, алайда қазір ол ойын барысын өзгерте алатын деңгейде емес. "Әл-Насрға" 90 минут бойы алаңда жай ғана жүретін емес, өз күшімен мүмкіндіктер жасай алатын шабуылшы қажет. Ешкім бұл туралы ашық айтқысы келмейді, өйткені Роналдудың жанкүйерлерінен қорқады. Бірақ оның қазіргі ойыны "Әл-Насрға" кедергі келтіріп жатыр", – деп келтіреді Хусейн Абдулғанидің сөзін Kooora басылымы", – деді футболшы.
"Әл-Ахлиге" қарсы кездесуде Криштиану Роналду 14-минутта есеп ашты. Бұл гол португалиялық футболшының Сауд Арабиясы чемпионатындағы тоғызыншы, ал кәсіби мансабындағы 986-шы голы болды. Осылайша, Роналду мансабындағы 1000 голдық межеге жету үшін тағы 14 рет мергендік танытуы керек.