Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Ақтөбе" жаңа маусымға дайындықты Түркияда бастап, "Шахтермен" ойнайды

"Ақтөбе" 2027 жылғы маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 13–26 желтоқсан аралығында Антальяда өткізеді.

"Ақтөбе" жаңа маусымға дайындықты Түркияда бастап, "Шахтермен" ойнайды
Instagram/@fcaktobe_official

Дене дайындығына басымдық беріледі

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, бапкерлер штабы алғашқы кезеңде футболшылардың демалыстан кейінгі физикалық бабын қалпына келтіруге көңіл бөледі.

Антальядағы дайындық аясында "ақ-қызылдар" Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралған "Шахтермен" жолдастық матч өткізбек.

Қарағандылық клуб та осы уақытта Түркияда жаттығады. Оның жиыны 15–28 желтоқсанға жоспарланған. Екі команда арасындағы ойынның нақты күні кейін хабарланады.

Жаңа маусымға Черевченко дайындайды

Ақтөбелік команданы алдағы маусымға Игорь Черевченко бастап барады. Клуб 20 қарашада бас бапкермен келісімнің ұзартылғанын ресми түрде жариялаған.

"Ақтөбе" Қазақстан чемпионатының өткен маусымында 30 турда 49 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады.

Қарағандының "Шахтеры" өткен маусымда 65 ұпаймен Бірінші лиганы жеңіп алып, ел футболының жоғарғы дивизионына жолдама алды.

Түркиядағы жиын қос команда үшін де жаңа маусымға дайындықтың бір кезеңі болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?