Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Ақтөбе" шетелдік футболшысымен қоштасты

Нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиу Қазақстан Премьер-лигасында 30 матч өткізді. 

"Ақтөбе" шетелдік футболшысымен қоштасты
Vesti.kz

"Ақтөбе" нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиумен қоштасқанын хабарлады. 26 жастағы футболшы клуб сапында бес матч өткізді.

Рабиу "Ақтөбеде" қанша матч өткізді?

Марио Рабиу "Ақтөбеге" 2025 жылы қосылды. Ол ақтөбелік клубтың жейдесімен бес кездесуде алаңға шықты. Өткен маусымда нигериялық футболшы жалға алу шартымен "Атырау" сапында ойнады.

Рабиу Қазақстан Премьер-лигасында жалпы 30 матч өткізіп, екі гол соқты және үш нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, жуырда "Ақтөбе" клубы жаңа маусымға дайындықты қайда және қалай жүргізетіні хабарланған еді. Атап айтқанда, ақтөбелік клуб оқу-жаттығу жиынын 13–26 желтоқсан аралығында Антальяда өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?