11 жастағы оқушы бір күнде бірнеше Гиннесс рекордын орнатты
19 қарашада Уильям дрифт-картпен қатарынан 10 рет толық айналым жасап шықты.
Ұлыбританияда 11 жастағы Уильям Моффат автоспорт саласында зінің әкесі, кәсіби каскадер-жүргізуші Алистер Моффатпен бірге бірнеше Гиннес рекордын орнатты.
Атап айтқанда, 19 қарашада Уильям дрифт-картпен қатарынан 10 рет толық айналым жасап, жаңа рекорд орнатты. Ол тапсырманы небәрі 17,14 секундта орындап шықты.
Әкелі-балалы жұп ортақ рекорд жасады
Уильям мен Алистер Моффат тағы бір рекордты бірге орындады. Олар көліктерді бір-біріне қарама-қарсы бағытта параллель тұраққа қойып, араларында небәрі 210 сантиметр бос орын қалдырған.
Осылайша, әкелі-балалы жұп бір күнде бірнеше ерекше жетістікке қол жеткізді.
Алғашқы рекордын 10 жасында орнатқан
Уильям Моффат автоспортпен айналысатын отбасында өскен. Оның әкесі Алистер – Гиннестің тоғыз дүркін рекордшысы және Stunt Drive UK командасының негізін қалаушы.
2025 жылғы 18 қарашада Англияның Корс қаласында ол дрифт-картты параллель тұраққа барынша тар аралықта қойған. Көліктің алды мен артындағы жалпы бос орын небәрі 50 сантиметр, ал жиектасқа дейінгі қашықтық 30 сантиметрден аспаған.