Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Алиссон Бекер Чемпиондар лигасында "Ливерпуль" тарихын жазды

Жуырда  "Ливерпуль" аталған турнир аясында "Брюггемен" кездескен болатын. 

Алиссон Бекер Чемпиондар лигасында "Ливерпуль" тарихын жазды
matchtv.ru

"Ливерпуль" қақпашысы Алиссон Бекер УЕФА Чемпиондар лигасында мерсисайдтық клуб тарихындағы ерекше көрсеткішке қол жеткізді.

Бразилиялық голкипер турнир матчында нәтижелі пас берген "Ливерпуль" тарихындағы алғашқы қақпашы атанды.

Алиссон Исакқа нәтижелі пас берді

Тарихи сәт Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда "Брюггеге" қарсы ойында тіркелді. Кездесуде "Ливерпуль" 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың 82-минутында Алиссон допты қарсылас алаңына бағыттады. Александр Исак пасты қабылдап, өз голын соқты. Осылайша, бразилиялық қақпашының еншісіне нәтижелі пас жазылды.

Opta тарихи көрсеткішті растады

Opta дерегіне сәйкес, бұған дейін "Ливерпульдің" ешбір қақпашысы Чемпиондар лигасында ассист жасамаған. Сондықтан Алиссон Бекер мерсисайдтық клубтың турнир тарихындағы алғашқы нәтижелі пас берген голкипері атанды.

Айта кетейік, Алиссон үшін "Ливерпуль" сапында осымен төртінші рет нәтижелі пас берді.

Алдыңғы үш ассистін ол Англия Премьер-лигасында жасаған. Үш жағдайда да бразилиялық қақпашының пасынан кейін Мұхамед Салах гол соқты.

Чемпиондар лигасының турнирлік кестесі

Брюггені жеңгеннен кейін "Ливерпуль" 12 ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде бесінші орынға шықты.

Ал "Брюгге" 9 ұпаймен 13-орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?