Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Бешікташ" Еуропа лигасындағы матчқа автобуспен жетуге мәжбүр болды

Түркиялық "Бешікташ" клубының футболшылары Еуропа лигасы аясында израильдік "Хапоэль" (Беэр-Шева) командасына қарсы өтетін матчқа барар жолда қиындыққа тап болды.

"Бешікташ" Еуропа лигасындағы матчқа автобуспен жетуге мәжбүр болды
instagram/besiktas

Қолайсыз ауа райына байланысты ұшақ Батуми қаласынан шамамен 130 шақырым қашықтықта орналасқан Түркияның Ризе әуежайына мәжбүрлі түрде қонды. Күтпеген жағдайдан кейін команда Грузияға автобуспен аттанды. Стамбұлдық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақтағы қолайсыз жағдай салдарынан команда жоспарланған әуежайға жете алмаған.

Сондай-ақ ұшу кезінде әуе кемесіне найзағай түсіп, қатты турбуленттілік болғаны туралы ақпарат тарады. Осы жағдайға байланысты "Бешікташ" бас бапкері Винченцо Итальяноның матч алдындағы баспасөз мәслихаты да өткізілмейтін болды.

Неліктен матч Стамбұлдан Батумиге ауыстырылды?

"Бешікташ" пен "Хапоэль" арасындағы кездесу бастапқыда Стамбұлда өтуі керек еді. Алайда Түркия билігі қауіпсіздік мәселелеріне байланысты израильдік клубтың ел аумағында ойнауына рұқсат бермеген. Сондықтан УЕФА матчтың Грузияның Батуми қаласында 26 қарашада өтетінін хабарлаған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?