Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Қайрат" УЕФА Жастар лигасында он ойыншымен қалып, Чехияда жеңілді

Алматылық "Қайрат" U-19 УЕФА Жастар лигасының үшінші раундындағы алғашқы матчта Чехияның "Градец-Кралове" командасына 0:1 есебімен есе жіберді.

"Қайрат" УЕФА Жастар лигасында он ойыншымен қалып, Чехияда жеңілді
instagram.com/fckairat_academy/

Ел чемпиондары жолының үшінші раундындағы кездесу Градец-Кралове қаласындағы "Вшеспортовни" стадионында өтті. 50-минутта Мұхамедәлі Әбіш алаңнан қуылып, алматылықтар он ойыншымен қалды. Араға 11 минут салып, алаң иелерінің сан басымдығын пайдаланған Лукаш Ванёк матчтағы жалғыз голды соқты.

Қос матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда УЕФА Жастар лигасының 1/16 финалына шығады. Қарымта ойын 9 желтоқсанда Алматыда өтеді.

"Қайрат" бірінші раундта Черногорияның "Младост" клубын екі рет жеңді (5:0, 8:1). Екінші раундта алматылықтар Венгрияның МТК командасын сырт алаңда 3:1 есебімен ұтса, өз алаңында 2:2 есебімен тең ойнады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қайрат 2-орын