Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Сабах" Ламин Ямалды Қазақстанға жіберді

"Барселона" жұлдызы Чемпиондар лигасы аясында Бакуде өтетін матчқа қатыспайды. 

"Сабах" Ламин Ямалды Қазақстанға жіберді
Vesti.kz

Әзербайжанның "Сабах" клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі "Барселонаға" қарсы матч алдында әзілге құрылған видео жариялады.

Баку клубы роликте "Форсаж 7" фильмінің финалдық көрінісін пайдаланып, басты кейіпкерлердің орнына "Барселонаның" бас бапкері Ханс-Дитер Флик пен шабуылшы Ламин Ямалды қойған.

Видеоның сюжеті бойынша екі көлік жолайрыққа келгенде Флик Әзербайжанға қарай бағыт алса, Ямаль Қазақстанға бұрылып кетеді.

Бұл әзілдің астарында испаниялық футболшының бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде Әзербайжан мен Қазақстанды шатастырып алған оқиғасы жатыр. Сол жағдай әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, көптеген мем мен әзілге себеп болған еді.

Ямал матчқа қатыспайды

Ламин Ямаль "Сабахқа" қарсы кездесуді өткізіп алады. Сондықтан бакулық клуб оның матчқа келмейтінін бұрынғы қателігімен байланыстырып, әзіл форматында пайдаланған.

Айта кетейік, "Сабах" – "Барселона" кездесуі 25 қарашада Бакуде өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.

Чемпиондар лигасының төрт турынан кейін "Барселонаның" еншісінде 9 ұпай, ал "Сабахта" 3 ұпай бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?