Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

әзіл

Бұл тегте спортшылардың әзіл-қалжыңы, күлкілі видеолары және әлеуметтік желідегі көңілді сәттері жинақталған. Қуат Хамитов, Сәбина Алтынбекова, Нұралы Әліп, Назым Қызайбай, Ангелина Лукас сынды боксшылар, файтерлер мен футболшылар жанкүйерлерін қалай мәз қылғаны туралы материалдар.
Ойыннан тыс

Әйгерім Әбілқадырова Instagram-нан кететінін айтып, жанкүйерлерін күлдірді

Танымал қазақстандық спортшы әрі фотомодель Әйгерім Әбілқадырова әлеуметтік желідегі әзіл жазбасымен оқырмандарының назарын аударды.

Жекпе-жек

Баходир Джалолов Ислам Махачевпен "күресіп" көрді (ВИДЕО)

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов UFC жұлдызы Ислам Махачевпен достық форматта күш сынасты.

Ойыннан тыс

Қуат Хамитов қазақтың танымал ММА файтерін "әшкереледі" (ВИДЕО)

ММА жауынгері Қуат Хамитов әлеуметтік желіде әзілге толы жазба жариялап, ONE Championship-тің бұрынғы чемпионы Қайрат Ахметовтің бір "ерекшелігін" күлкілі форматта айтып берді.

Жекпе-жек

«Шара Буллет» Қуат Хамитовқа «шабуыл» жасады (ВИДЕО)

Ресейлік файтер Шарабутдин Магомедов (лақап аты — «Шара Буллет») армениялық Арман Царукянмен өткен белдесуден кейін қазақстандық Қуат Хамитовқа әзіл-қалжың ретінде «шабуыл» жасап, жұртты күлдірді. 

Ойыннан тыс

«Сары түс мені үнемі қуып жүргендей»: Сәбина Алтынбекова жанкүйерлерін мәз қылды

Қазақстандық танымал волейболшы, әлеуметтік желілердің жұлдызы Сәбина Алтынбекова Instagram-парақшасында тағы да ерекше жазбасымен көзге түсті. Спортшы сторисінде өзіне тән жеңіл әзілмен: «Сары түс анық мені қуалап жүр» деген мазмұнда ой бөлісіп, жанкүйерлерін күлдірді.

Ойыннан тыс

«Бір туған»: қазақстандық, қырғыз және өзбек боксшылары тілдегі айырмашылықты әзілмен көрсетті

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан боксшылары ортақ видео түсіріп, үш елдің тіліндегі ұқсастық пен айырмашылықты күлкілі форматта көрсетті. Ролик жарияланған сәттен бастап жанкүйерлер арасында кең таралып, пікірлер астында «Бір туған» деген жазулар жаңбырша жауды.

Ойыннан тыс

«Қандай күлкілі»: Назым Қызайбай әлем чемпиондарын қалай «жазалағанын» еске алды (ВИДЕО)

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде бұрынғы әзіл-ролигін қайта еске түсіріп, жанкүйерлерді бір күлдірді. 

Ойыннан тыс

Ағайынды Сабырхандар әкелеріне «қарсы» шықты

Қазақ мақтанышы, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан әлеуметтік желіде ерекше бейнежазба жариялады.

Ойыннан тыс

Қайрат Боранбаев: «Шерханның анасымен сөйлесуге тура келеді!» (ВИДЕО)

«Қайрат» ФК бақылау кеңесі төрағасы Қайрат Боранбаев қақпашы Шерхан Қалмырзаның анасын чемпиондық жеңіспен құттықтап, көңілді сәттің кейіпкеріне айналды.

Ойыннан тыс

Ангелина Лукас шын өмірде боксты сынады (ВИДЕО)

Белгілі қазақстандық боксшы Ангелина Лукас әлеуметтік желіде ерекше әзіл видеосын жариялап, «Бокс мені өмірде қорғай ала ма?» деген сұраққа креативті жауап берді. 

Бәрі-бір

Нұралы Әліп Биволды "жазалады": Футбол мен бокстың шекарасы жойылды (ВИДЕО)

Нұралы Әліп ресейлік боксшы Дмитрий Биволды әзіл түрінде тепкен видеосы желіде тарап кетті. Бұл оқиға "Зенит" футбол клубының жаттығу жиынында болды.

Футбол

"Зенит" ойыншысы Нұралы Әліпты "мазақ" етті (ВИДЕО)

"Зениттің" жаттығуында қызықты жағдай болды. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп бұл сәттің басты кейіпкеріне айналды.

Бәрі-бір

"Ән ала алмай жүргеніме 3 жыл болды" — Меруерт Түсіпбаева Заттыбекке наз айтты (ВИДЕО)

Қазақстан эстрадасында өзіндік орны бар әнші Меруерт Түсіпбаева белгілі композиторға шүйлікті.