Қытай СІМ Килиан Мбаппеге қатысты дауға мәлімдеме жасады
Бұған дейін футболшы сүйікті интернет-мемдері туралы әңгіме барысында Қытай тарихындағы саяси тұлғалардың біріне қатысты әзіл айтқан еді.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппеге қатысты дауға байланысты пікір білдірді.
Бұған дейін футболшы сүйікті интернет-мемдері туралы әңгіме барысында Қытай тарихындағы саяси тұлғалардың біріне қатысты әзіл айтқан еді. Бұл сөз әлеуметтік желіде сынға ұшырады.
Қытай СІМ не деді?
Го Цзякунь мұндай пікірлердің Қытай қоғамында қарсылық тудыруы заңды екенін айтты.
"Қытай халқының сезіміне тиетін сөздер мен әрекеттер Қытай қоғамының барлық өкілдерінің бірауыздан қарсылығын тудыруы заңды", – деді ол.
Оның мәлімдемесін RMC Sport келтірді.
Даудың себебі не?
Мбаппе интернет-мемдер туралы әңгіме кезінде Қытайдың тарихи саяси тұлғаларының біріне қатысты әзіл айтқан болатын. Осыдан кейін футболшының сөзі Қытайда кеңінен талқыланып, сынға ұшырады.
Әзірге Мбаппенің өзі бұл жағдайға қатысты бөлек мәлімдеме жасағаны туралы ақпарат жоқ.