Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында Азия чемпионын жеңді

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің іріктеу кезеңінде ол Қырғызстан балуаны Раззак Бейшекеевпен кездесті.

Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында Азия чемпионын жеңді
olympic.kz

Қазақстандық грек-рим күресінің өкілі Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің іріктеу кезеңінде ол Қырғызстан балуаны Раззак Бейшекеевпен кездесті. Белдесу тартысты өтіп, қорытындысында қазақстандық балуан 8:4 есебімен басым түсті.

Осы жеңістің арқасында Бағдат Сабаз әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алды.

Қарсыласы – Азия чемпионы

Раззак Бейшекеев халықаралық жарыстарда тәжірибелі балуандардың бірі саналады. Ол 2026 жылы Бішкекте өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері.

Ал Бағдат Сабаз 2025 жылы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионы атанған.

Әлем чемпионаты 1 қарашаға дейін жалғасады

Күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты Астанада 24 қазанда басталды.

Жарыс 1 қарашаға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?